Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымына Нығмет МУТИГУЛЛИН тағайындалды.
52 жастағы полковник Н. Мутигуллин еңбек жолын қабылдау-тарату орнының кезекшісі қызметінен бастап, жедел бөлімшелерде басшылық лауазымына дейін қызметтер жасаған. Биылғы жылдың наурызында Атырау қалалық ІІБ бастығы болып тағайындалды.
Одан бұрын ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған Бауыржан РАХМЕТОВ зейнеткерлікке шықты. Полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық ІІБ бастығының орны әзірге бос тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ