Атырау, 26 қараша 19:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Төрт жылдық үміт

2 384 просмотра


Атыраудағы сәбилер үйін негізінен перзентханадан әкелінген тастанды балалар толтырады. Сондықтан, мекеме меңгерушісі Райса БАЙМҰХАНОВАНЫҢ (суретте) айтуынша, мұнда әлеуметтік жағдайының төмендігінен балаларын уақытша қалдыратын аналар үшін «Үміт» тобы ұйымдастырылған.

Бұл жерде осындай аналарға өз өмірлерін түзеуге, ең бастысы, туған баласын үйге алу үшін асықпай ойлануға 4 жылға дейін уақыт беріледі. Алайда, осындай мүмкіндікке және мемлекеттің көмегіне қарамастан көптеген аналар баладан бас тарту туралы арызды перзентханада жазып кетеді.


- Жақында бізге баласынан бас тартқан бір ана келіп хабарласты. Асырап-бағуға шамасы келмейтіндігін айтады. Біздің мамандар оған сәбиін тастап кеткені үшін кейін өкінетіндігін айтып, кеңес берді. Сөйтіп ол баласын уақытша мерзімге «Үміт» тобына қалдыруға көнді. Егер ол баласынан біржола бас тартқанда, қайтарып алуға мүмкіндігі болмайтын еді, - дейді Р. Байкенова. - Сәбилер үйінде мұндай мысалдар көп кездесіп тұрады. Жақында бір келіншек перзентханаға бас тартып тастап кеткен баласын қайта асырап алғысы келетіндігін айтып хабарласқан. Баласын көрсетуді сұрап, оны бір көргеннен тануы керектігін айтты. Алайда, біз оған тәрбиеленушілерімізді көрсете алмайтындығымызды айттық. Оған жалғыз мүмкіндік сотқа арыз беру. Егер сот оң шешім шығарса,  өз баласын танып алуына болады.

- Атыруда бала асырап алушылардың деңгейі қандай?

- Асырап алам деушілер жиі хабарласады. Алайда мұнымен қалалық білім бөлімі айналысады. Барлық сәби жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер базасына енгізілген. Тиісті құжаттарын жинап болған соң қолына жеке электронды кілтін алып, сол арқылы базаға кіруге мүмкіндік алады. Жолдама арқылы келгенде ғана балаларды көрсете аламыз.

Мекеме басшысының айтуынша, «Үміт» тобындағы сәбилер төрт жастан кейін отбасына қайтарылса, анасы бас тартып, тастап кеткендер «Шаңырақ» балалар үйіне жіберіледі. Биыл 11 айдың ішінде 14 бала «Шаңырақ» балалар үйіне жеке асырап алуға берілсе, олардың орны жаңадан 13 баламен толыққан.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Сурет автордікі

1 желтоқсан 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.