Стамбулда 340-дан астам түрік әскерилері төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін
айыпталып, тұтқынға алынды, деп хабарлайды ТАСС Haberturk-ке сілтемелеп.
«Түрік билігі өткен жылдың шілдесінде мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы бар деген күдікпен 360 адамның, оның ішінде 343 әскери қызметкерлерді қамауға алынуына рұқсат берді. Стамбулда күдіктілерді ұстау операциясы өтіп жатыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы 16 шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті болды. Түрік билігі хабарлағандай, Анкарадағы тәртіпсіздіктің идеологы АҚШ-та тұратын бұрынғы имам Фетхуллах Гүлен болды. Ф. Гүлен бұл оқиғаларға қатысы барын жоққа шығарады, ал 2017 жылдың маусым айында ол түрік азаматтығынан айырылды.
Бүліктен кейін Түркияда 25 917 адам ұсталды, 13 мың 419 адам қамауға алынды, сонымен қатар 74 562 адам төлқұжаттарынан айрылды.
Дереккөз: ҚазТАГ