Атырау, 29 қараша 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Рим папасы Мьянма сапарында ондағы мұсылман қырғыншылығын айыптады

2 861 просмотра

Рим папасы Аун Сан Су Чимен кездесті. Фото: FRI

Католик әлемнің рухани көсемі Рим папасы Франциск Мьянмаға сапарлай барып, сол елдің басшыларымен кездесті. Ол Мьянма басшысы Аун Сан Су Чимен кездесу кезінде рохинджа мұсылмандарының қырғыншылығы туралы айыптады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады. 

Папа Франциск Мьянма үкімет басшыларымен болған Янго қаласындағы кездесу кезінде: «Ел халқы азаматтық қақтығыстар мен зұлымдықтардан зардап шегуде. Мьянманы өзінің баспанасына балаған баршаның негізгі құқықтарына кепілдік ету керек», – деді.

Ол Аракандағы мұсылмандардың этникалық атауы рохинджаны сөзіне кірістіре отырып: «Әр-бір этникалық топтардың бір-бірінің құқығына құрмет етуі – Мьянманың бейбіт болашағының негізгі кепілі», – деді. 

Рим папасы Мьянма басшыларымен кездесуден бұрын да христиан, мұсылман, буддист, иудей дін өкілдерімен кездесуде болған. Мьянма сапарының бүгінгі (29 қараша сәрсенбі) күн тәртібінде ондағы дін өкілдерімен топтық діни жиналыс өткізеді. Бейсенбі күні Бангладешке сапарлай барады. 

Айта кетейік, Ұлыбританияның Оксфорд қалалық кеңесі 20 жыл бұрын Аун Сан Су Чиге берген «Қаланың Еркіндік» медалін қайтарып алды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

29 қараша 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.