Атырау, 29 қараша 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бішкек: Қазақстанмен шекарада 700-дей жүк көлігі кезекте тұр

2 418 просмотра


"Қазақстан-Қырғызстан шекарасында соңғы мәлімет бойынша Қазақстан территориясына өететін 700-ге тарта көлік жиналып қалды" деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Салкын Абдыкариеваның айтуынша, "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекетінде 490 жүк көлігі, Талас облысындағы "Чон-Капка" бекетінде 172 жүк көлігі кезекте тұр. Ол Қырғызстан тарапының азаматтар мен жүк көліктерінің өтуіне шектеу қоймағанын айтады.

7 қазанда Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаев президенттікке кейбір кандидаттар мен Қазақстан билігінің атына қатар сын айтқан. Осыдан көп ұзамай, 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі пайда болған. Тараптар 19 қазаннан бастап жолаушылар көлігі мен жүгі бар жолаушыларды өткізуді жеңілдетуге келіскен болатын.

Астана шекарадағы тексеруді Қырғызстаннан келетін "контрабандамен күресу үшін" күшейткенін айтады. Бішкек Қазақстан шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтып, Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) жүгінген.

Қарашаның ортасында Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшылығының атына тағы да сын айтып, Қырғызстан Қазақстан билігінің "өзімбілемдігі" салдарынан бір айдан астам уақыт ЕАЭО-мен байланысын үзгенін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

28 қараша 2017, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.