Атырау, 29 қараша 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады

2 159 просмотра


Қырғызстан 100 миллион доллар техникалық көмек бөлу туралы Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

"Біз қырғыз тарапынан өткен аптада келісімнің күші жойылғаны туралы ресми хабар алдық. Одан әрі бұл мәселе халықаралық құқық нормаларына сай шешілетін болады", — деді Жайнақов журналистерге. 

Қазақстан осы жылдың шілдесінде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Қаражат Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, атап айтсақ, қырғыз учаскесіндегі кеден инфрақұрылымын жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерін одақтың талаптарына сәйкестендіруге бөлінген болатын. 

Келісімнің бұзылуына Қырғызстанда өткен президент сайлауы кезінде Астана мен Бішкек арасында туындаған дипломатиялық жанжал себеп болды. Сайлау кезінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін сынаған еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

28 қараша 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.