Атырау, 20 сәуір 13:13
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Флойд Мейвезер шаршы алаңға қайтып оралатын болды

1 311 просмотра

Фото: Reuters

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер тағы бір жекпе-жек өткізу үшін шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz америкалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, Мейвезер 51-ші жекпе-жегін өткізу үшін өзінің сенімді өкілдерімен бірнеше рет ақылдасқан. Алайда спортшы бұл туралы ресми түрде жариялауға асығар емес. 

40 жастағы Мейвезер өзінің физикалық жағдайы өте жақсы деңгейде екенін және жаттығуларды Лас-Вегастағы спорт залдарының бірінде жасап жүргенін айтты. 

Еске салайық, Мейвезер бұрындары да боксқа қайтып келген еді. 2015 жылы қыркүйекте ол кәсіпқой бокстан кететінін ресми түрде жариялаған еді, алайда ирландиялық файтер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін шаршы алаңға қайтып келген еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста 2017 жылы 26 тамызда өтіп, 10-шы раундта техникалық нокаутпен америкалықтың пайдасына шешілген еді. 

Бұл Мейвезердің 50-інші жеңісі еді, ол бірде-бір рет жеңіліп көрген емес. Ол осыған дейін 27 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Сол жекпе-жектен соң Флойд спорттан біржола кететінін жариялаған еді. 

Дереккөз: Vesti.kz

28 қараша 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.