Атырау, 26 сәуір 18:03
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Рамзан Кадыров: Борис Немцовтың өліміне шешендер кінәлі емес

2 636 просмотра

Фото: rt.com

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өліміне шешенстандықтар кінәлі емес – деп мәлімдеді Шешенстан президенті Рамзан Кадыров «Россия-1»  телеарнасына берген сұхбатында. 

Қараша айының 26-сы күні «Россия-1» арнасындағы «Действующие лица с Наилей Аскар-заде» бағдарламасына берген сұхбатында Рамзан Кадыров Борис Немцовтың өліміне байланысты пікір білдірді. Ол онда: «Маған жеткен ақпарат бойынша олар кінәлі емес. Немцов біреулерге ұнамаған болар. Оны сол үшін өлтірді. Бірақ оны тағы да Кадыровпен байланыстыруда. Барлық жерде, елдің барлығы Кадыров Немцовты өлтірді деп айтуда. Шындығына келгенде Немцов маған және менің командама өте ыңғайлы адам болған.  Мен білмеймін бұның барлығы кімге керек болғанын. Біреуге бұл істі тезірек жабу керек болды. Сол үшін кінәлілерді тауып алды. Тарих алдағы уақытта барлығын өз орынына қояды» - деген. 

Естеріңізге салайық, ресейлік оппозицялық саясаткер Борис Немцов 2015 жылы ақпан айының 27-сі күні Мәскеу қаласында өлтірілген. Кейінен аталмыш қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен шешенстандық Заур Дадаев, Анзор Губашев, Шадид Губашев, Темірлан Әскерханов және Хамзат Бахаев ұсталған. Оларды шілде айының 13-і күні Мәскеу аймақтық соты кінәлі деп танып, 11 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

27 қараша 2017, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.