AZATTYQ.ORG. ""Рашагейт" ісінің беталысы" - "Рашагейт" ісіне қатысты негізгі күдіктілердің бірі, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі генерал Майкл Флинн сотпен мәмілеге келген немесе келуге ниетті деген болжам бар. New Yоrk Times газеті мұны төрт тәуелсіз дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Атамбаевтың алты жылы" - Қырғызстанның төртінші президенті болған Алмазбек Атамбаевты саяси сарапшылар «билікке туған-туыстарын тартпаған, жемқорлығы байқалмаған, бірақ эмоцияға көбірек берілетін саясаткер болды» деп сипаттайды. Олардың айтуынша, 2010 жылғы революциядан кейін билікке келген Атамбаевтың дипломатиялық тілден гөрі, қарапайым тілде эмоциямен сөйлегені халықаралық саясатта «пайда әкелмегенімен», ішкі саясатта «халықтың бір бөлігіне ұнаған».
RATEL.KZ. "«Күнделіктің» күйбеңі" - Еліміздегі мұғалімдерді бітпейтін қағаз толтыру машақатынан арылту мақсатында электронды «Күнделік.кз» жобасы жасалғаны мәлім. Естеріңізге салып өтейік, электронды күнделік жобасының сатылап іске қосылғанына бір жылдан асты. Алайда бұл жоба іске қосылған тұста-ақ, түрлі сынға ұшырады. Ә дегеннен,электронды күнделікті пайдалану мәселесі кесе-көлденең проблема тудырды. Алыстағы ауылдарды айтпағанда, үлкен қаланың іргесіндегі елдімекендерде «Күнделік.кз»-ті пайдалану мүмкін болмай отыр. Себебі, күнделіктің бұл түрін пайдалану үшін интернет қолжетімді болуға тиіс.
"Аштық жылдары ең көп зардап шеккен қазақтар" - Украиналық демографтар 1930-жылдары қазақ халқының 22,4 пайызы аштықтың құрбанына айналды дейді.
QAZAQTIMES.COM. "Дональд Трамп «жыл адамы» атағын ала ма?" - АҚШ Президенті Дональд Трамп Time журналының дәстүрлі "Жыл адамы" атағын алуы мүмкін екені туралы өзінің твиттер парақшасында мәлімдеме жасады. Дегенмен журнал басшылығы бұл ойдан хабарсыз болғанға ұқсайды. Президент пен БАҚ өкілдері арасындағы әлеуметтік желіде болған сөз қақтығысы туралы кеңінен ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
INFORMBURO.KZ. "Тұран жолбарысын "тірілте" аламыз ба?" - Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Қазақстан үкіметі Тұран жолбарысын Іле-Балқаш өңіріне қайта жерсіндіруді көздеп отыр. Жобаның құны 50 млн АҚШ доллары.
ABAI.KZ. "«Балаларымыз қазақылықтан ажырап барады, соған алаңдаймыз»" - Мұстафа Салықұлы Ұслужан. Ол – Қазақстанға деген іңкәрлікті, Түркияға деген ризашылықты және Францияға деген адалдықты сақтаған азамат. Ол – Парижде орналасқан Қазақ-француз-түрік мәдени қауымдастығының (A.K.F.T – Аssociation de culture et d’entrade Kazakh-France-Turquie) президенті. Жат жерде жүрсе де, туған елі мен жерінің тілеулесі болып, қазақтың тілі мен дәстүрін барынша сақтауға тырысып келе жатқан, мыңнан астам қандастың басын біріктіретін бұл ұйымның тарихы, бүгіні мен болашақтағы жоспарлары қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Мұстафа аға бізге берген сұхбатында жауап берді.
"Зайырлы мемлекет мұсылмандық рәсімдерге қарсы емес!" - Бүгінде елдегі өткір тұрған тақырыптардың қатарында зайырлылық мәселесі тұр. Республикалық және аймақтық ақпараттық түсіндіру топтарының да жиі халыққа түсіндіріп жүргені осы зайырлылық турасында. Себебі мемлекет пен дін қатынасын ұғынуда осы зайырлылықты дұрыс түсіну қажеттігі сезілуде. Зайырлылық ұғымы алғаш батыста пайда болды. Орта ғасырларда католик шіркеуі өте ықпалды болып, діндар емес халыққа және мемлекетке қысым көрсетті. Осы қысым шегінен асқан уақытта бұқара халық шіркеу мен діндарлардың қысымын азайту үшін олармен ұзақ күрес жүргізіп, соңында жеңгені мәлім. Батыста шіркеу мен мемлекет, діндар мен діндар емес әлеуметтік топтар арасында ықпал мен күш тепе-теңдігін қамтамасыз еткен зайырлылық түсінігі осындай жағдайлардан кейін орнаған. Осы себепті батыста мемлекеттің діннің тегеурінді ықпалынан арылғысы келуінен, қоғамның әлеуметтік бейбіт өмірді, діндар емес адамдар мен әлеуметтік топтардың көбірек еркіндікті қалауынан туындаған.
QAMSHY.KZ. "Жолдас Нұрсұлтан: Кемелді конвертер уақыт және қажырлы еңбекті қажет етеді" - Соңғы күндері қоғамда әліпби конвертері туралы пікірталас пен талқы көп болды. Кейбіреулер «әліпби конвертерін жасау оңай, тіл білімін қажет етпейді» деген пікірде болса, екінші бір тарап «қазақ тілі таңбаларының конвертер бағдарламасын жасаудың күрделі әрі көп шығынды талап ететінін» айтады.
BAQ.KZ. ""Қара археология". Ол не және оған тыйым салуға не кедергі?" - Елде заңсыз археологиямен айналысушыларға тосқауыл болмай отыр. Тіпті олар мемлекеттің заңына да бағына бермейді. Себебі, Ата заңымызда археологиялық заттарды, мәдени мұраны саудалауға тыйым салынады деген нақты бап жоқ. Сондықтан да олар емін-еркін. Бізде тіпті «Қара археологиямен» айналысқаны үшін қолға түсті» деген ақпарат та жоқ. Сонда Қазақстанда мұндай қылмыс мүлдем кездеспей ме? Бірақ интернетте дәл осындай заттарды сататын бірнеше сайт жұмыс істеп тұр. Ондағы базар қайнап жатпаса да, күнделікті саудаға шығып тұратын құнды жәдігерлер көп.