Атырау, 21 қыркүйек 14:03
 дождьВ Атырау +25.4
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

"Дүние жүзі аруы-2017" анықталды

2 046 рет қаралды


Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) "Дүние жүзі аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Байқаудың финалы Лас-Вегаста өтті. Байқау жеңімпазы Деми-Ли Нел-Питерс 22 жаста. Ол бизнес және менеджмент факультетін бітірген.

Жеңімпазға тәжді былтыр өткен байқаудың жеңімпазы - француз аруы Ирис Миттенар берді. 


Айта кетейік, финалға 89 елдің аруы қатысты. Жеңімпазға ақ алтыннан, асыл тастармен және гауһар тастармен әшекейленген тәж берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 қараша 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.