Атырау, 19 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

SOHR: Сирия шығысында Ресей әуе шабуылынан 53 адам қаза тапты

2 281 просмотра


Ресей истребительдері Сирияның шығысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауда ұстап отырған елді мекенге әуеден шабуылдап, арасында 21 бала бар - барлығы 53 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлады Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) тобы. Ұлыбританияда орналасқан құқық қорғау тобы әуе шабуылы 26 қараша күні таңертең Дейр әл-Зор провинциясында жасалғанын айтады. SOHR мұның алдында қаза тапқандар саны 34 адам деп хабарлаған болатын.

"Құрбандар саны шабуылдан соң жүргізілген іздеу және құтқару операциялары барысында ұлғая түсті" деді SOHR басшысы Абдель Рахман France Press агенттігіне. Рахман әуе шабуылдары Евфрат өзенінің шығыс жағалауында орналасқан Әл-Шафах елді мекеніндегі тұрғын жайларға жасалғанын, шабуылдан кем дегенде 18 адам жараланғанын айтады.

SOHR-дың бұл ақпараты әзірге өзге тәуелсіз дереккөздерінен расталмай отыр. Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге комментарий бермеді.

Құқық қорғау ұйымы ақпаратты Сириядағы өз дереккөздерінен алады және қай елдің ұшағы шабуыл жасағанын ұшақтардың типіне, орналасқан жеріне, ұшу сипатына және қолданған қаруына қарап анықтайды.

Ресей мен Иран Сириядағы алты жылдан асқан азамат соғысында президент Башар Асад билігін қолдайды. Ал АҚШпен Түркия Сирия үкіметіне қарсы түрлі оппозициялық топтарға қолдау көрсетеді.

Дереккөз: Азаттық

27 қараша 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.