Сауд Арабияның тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл Сауд жексенбі күні терроризмге қарсы, құрамына 41 мемлекет кіретін жаңа коалиция құрылғанын мәлімдеді. "Бұл әскери одақ аймақтарда белсенді әрекет жүргізіп жатқан террорлық ұйымдармен күрес бастайды" деп мәлімдеді ханзада.
Одақтас елдер терроризммен күресте өздерінің әскери, саяси және қаржылық мүмкіндіктерін біріктірмек. Коалиция елдерінің арнайы қызметтері өзара ынтымақтастық орнатуы да мүмкін.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, коалицияға негізінен сүннит елдері кіреді. Олардың арасында Иран, Ирак және Сирия жоқ. Бұған дейін әскери коалицияларға қатысқан, бірақ араб елдерінің бойкотына тап болған Катар да бұл ұйымда жоқ.
24 қарашада Египетте Синай түбегіндегі мешітте болған жарылыс пен атыстан жарылыстан 300 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардың дені – бейбіт тұрғындар мен Египет әскерінің сарбаздары.
Дереккөз: Азаттық