Атырау, 29 қараша 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сауд Арабиясында патшаға тіл тигізу «терроризмнің көрінісі» деп бағаланатын болды

2 435 просмотра

Фото: ystav.com

Human Rights Watch Сауд Арабиясында осы айдың басында қабылданған "Терроризмге қарсы күрес туралы" Заңды сынға алды. Ұйым қызметкерлері патша мен оның заңды мұрагеріне тіл тигізген азаматты 10 жылға дейін абақтыға жабу жазасын қарастыратын жаңа заң билік өкілдерінің өз қарсыластарына қарсы қолданар құралына айналып кетеді деп күдіктенеді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  

Human Rights Watch ұйымының Таяу шығыстағы жетекшісі Сара Уитсон Сауд Арабиясының басшылары қазірдің өзінде өздеріне қатысты сыни пікір білдіргендерге тосқауыл болудың неше түрлі шараларын қолданып отырғанын айтады. Осыдан бұрын БҰҰ-ның өкілі блоггер, журналистер мен жазушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясының билігіне "терроризм" ұғымын кең мағынада қарастыруды тоқтату туралы ескерту жасаған болатын. 

Сарапшылардың пікірінше, 33 жастағы ханзада Мұхаммед бин Салман өз билігін нығайтуға бар күшін салып жатқанын атап өтті. 2014 жылы қабылданған "Терроризмге қарсы күрес туралы" заңның жаңа нұсқасын қабылдау процесі Сауд Арабиясындағы шенеуніктерді жемқорлық үшін жаппай тұтқындау шарасымен тұспа-тұс келді. Адам құқықтарының сақталуы жөнінен соңғы орындарды алатын Сауд Арабиясы Human Rights Watch ұйымының мәлімдемесіне ресми жауап берген жоқ.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


24 қараша 2017, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.