AZATTYQ.ORG. "Назарбаеваның тұрақтылығы мен "зор бақыты"" - Қазақстанды үзбей басқарып келе жатқан президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева елдегі билік тұрақтылығы мен болашақты болжау мүмкіндігі – "алдағы көп жылға" жоспар құруға жол ашатын "зор бақыт" деп мәлімдеді.
""Райым миллионердің" дәурені өтті ме?" - Райымбек Матраимов Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасы орынбасары қызметінен босатылды. "Райым миллион" деген атпен танылған Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасы орынбасары бұған дейін талай рет сынға іліккен.
ABAI.KZ. "Қытай екінші балаға неге рұқсат берді?" - Бір жыл болды, Қытай "бір бала" саясатынан бас тартты. Енді, қалалық жердегі адамдар екі балалы болуға, ал ауылдағы жұртқа үш-төрт ұл-қыз тәрбиелеуге рұқсат беріп отыр. Неге? Кеше ғана, халық көбейіп кетсе асырай алмаймыз дегені қайда?! Әлде, еврейлер сияқтты "небесная манна" тапты ма, миллиард жұртты тамақтандырар?! Жоға, себебі тым қарабайыр. Олай болса, түсіндірейік.
"Тұтынушылар... не тұтынып жүр? Қалай тұтынып жүр?" - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, тұтынушы құқықтарын және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) тапсырысы бойынша, тұтынушы құқықтарын қорғау саласының ахуалын білу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпарат агенттігі.
QAZAQTIMES.COM. "Шетелдік компаниялардың басқаруына зейнетақы қорының 150 млн доллары берілуі мүмкін" - Ұлттық банк зейнетақы активтерін басқару бойынша шетелік компаниялардың біріне 150 млн доллар беруге дайындалып жатыр. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева мәлімдеді.
"Хиллари Клинтон Қазақстан уранын Ресейге қалай алып берді?" - Ресей АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның көмегімен Қазақстан мен Армения уранына қалай ие болды? Бұл сұраққа жақында Fox News телеарнасына сұхбат берген «Клинтон Кэш» кітабының авторы Питер Швейцер жауап берген.
INFORMBURO.KZ. "Испания: қазақ жастарының көзімен" - Испанияда білім алудың артық жағы бар ма? Жергілікті халық несімен ерекшеленеді? Бұл елге барғанда үнемі есте ұстайтын заңдылықтар қандай?
QAMSHY.KZ. "30 жыл есірткі қабылдаған нашақор: Мұндай сұмдықты ешкімнің басына бермесін" - Өмірдегі ең қорқынышты да, аянышты жағдай — шарасыздық пен мәжбүрлік. Өміріңнің көз алдыңда зуылдап өтіп бара жатқанын көгілдір экран сыртындағы көрермен секілді сырттай бақылап қана қойып, оны өзгертуге, жақсартуға қауқарсыз болу — міне нағыз тозақ.
365INFO.KZ. "Саясаттанушы орыстілділерге тіл үйретудің керемет тәсілін айтты" - «Президентке де, Парламентке де жалтақтамай-ақ…». Шынымен жалтақтайтын уақыттан өткен шығармыз? Дос Көшім дұрыс айтып отыр.
TURKYSTAN.KZ. "Қазанда – бензин, қарашада – дизель" - «Қараша айынан бастап елімізде бензин бағасы тұрақталады». Бұл Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қазандағы жанармай дағдарысы кезінде жұртқа берген уәдесі болатын. Ведомство басшысы сөзінде тұрды ма? Жанар-жағармай нарығының бүгінгі жағдайы қалай?
BAQ.KZ. "Адам есімінің тағдырына әсер ететіні рас па?" - Ресми статистика бір есімді иеленген адамдардың мінезі мен өмір сүру салты, кейде сырт келбеттері ұқсас болып келетінін дәлелдеген. Осы статистикалық мәліметтерді ескеріп, адамның есімі тағдырына әсер етеді деп сенімді түрде айта аламыз ба? Бұл сұраққа біржақты жауап беру мүмкін емес. Мұны Вaq.kz тілшісіне сұхбат берген әлем ғалымдары да растап отыр.
AIKYN.KZ. "Ғаламтордағы қаржы алаяқтарын қалай анықтауға болады?" - Қазір онлайн төлем жүйесін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, таңы мен түні таласқан қала тұрғындары уақытын үнемдеу үшін банк картасындағы қаржыдан сауда жасап, коммуналдық шығынын өтеп, көлік билеттерін алып, ұялы байланысының бірлігін толтырады. Мұның қаншалықты қауіпті не қауіпсіз екенін толық біле бермейді. Алаяқтар айласын жүзеге асыру үшін күн сайын жаңа амал тауып жатыр. Кейде адамдар банк картасына қатысты құпия деректерін өз аузымен айтып қойғанын байқамай қалады. Ғаламтор алаяқтарының құрығына түсіп, абайсызда бар құпия дерегіңізді жайып салмау үшін не істеу керек?
"Біз іздеген «Болашақ» қайда?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы енгізілген «Болашақ» стипендиясы талай жастың шетелде білім алып, білікті кадрларға айналуына мүмкіндік жасап келеді. 24 жылдың ішінде «Болашақ» 12 500 түлек даярлаған. Жыл сайын оқуын тәмамдап, шетел ассам дейтін ұл-қыздардың саны артты. Сапа да санға лайық болуы тиіс. Келген соң білімін кәдеге жарата алды ма, жұмыс тапты ма? Әлде, «Болашақтың» қызық дәурені сыбағасы мол стипендиямен тәмам болды ма? Түлектер қалай тіршілік кешіп жүр?