AZATTYQ.ORG. "Сепаратистік аймақтағы билікке талас" - Украинаның шығысындағы Луганск қаласының көшелерін беренді әскери көлікке мінген қарулы адамдар торуылдап жүр. Соғыс оты шарпыған аймақта бұл оғаш көрініс емес, бірақ бұл жолғы торуылдың жөні бөлек.
"Қамау орындарында азаптау тыйылмай отыр" - "Қылмыстық реформа мониторингі мен адам құқықтары комитеті" қоғамдық ұйымы жетекшісі Светлана Ковлягина Қазақстандағы азаптауға қатысты "алаңдатарлық" ахуалға байланысты тұтқындар шағымдана алатындай қауіпсіз тетіктерді іске қосу қажет деп санайды. Ол Астанада алты аймақтағы қамау орындарында арнайы жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныстырды.
QAZAQTIMES.COM. "Күл арасынан көктеп шыққан бейбітшілік гүлі – Хиросима" - Жапонияның Хиросима қаласы адамзаттың бір жолғы трагедиясымен мәңгі есте қалды. Бұл оқиға адамдардың санасында болашақтағы үрейді жаңғыртып келеді. Дегенмен, Хиросима адамзат трагедиясының айғағы болумен бірге бейбітшіліктің жыршысы, жапонның қайсар мінезі мен асқақ рухының айғағы болып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыста күлі көкке ұшқан Хиросима туралы BBC арнайы мақала жариялады. Хиросиманың тағдырлас мекені қазақ даласында да бар болғандықтан, оқырман назарына ұсынуға татиды.
"Қазақстан орташа айлық жалақы көрсеткішімен Черногория және Кениямен қатар тұр" - Соңғы бірнеше жылдан кейін 2017 жылдың маусым айының ортасында ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткішінде алғаш рет өсім байқалды. ТМД елдері арасында доллар эквиваленті бойынша орташа жалақы деңгейі жоғары ел - Ресей. Ал Қазақстан екінші орында тұр.
ZHASALASH.KZ. "Зимбабведегі болған төңкеріс Қазақстанда да бола ала ма?" - Африкадағы осы елде болған саяси билік ауысуы төрткүл дүниені ғана емес, төрт қайнаса сорпасы қосылмайтын қазақ елін де біраз шулатқаны рас.
INFORMBURO.KZ. "Бітік жазуы деген не? Қазақ жерінде Күлтегінге дейін де әліпби болған" - Алғашында тек зерттеу объектісі болған көне түркі жазуы енді компьютердің пернетақтасынан да орын ала бастады. Бұрын бабаларымыз қандай жазу қолданды?
ABAI.KZ. "Мемлекет пен халық біріксе, "Мугабе мәселесі" болмайды" - Қазір бүкіл әлемдік ақпараттағы негізгі тренд – Мугабенің тақтан тайдырылуы. Зәңгілердің отаны саналатын Зимбабвені үзіліссіз тұп-тура 37 жыл басқарған Роберт Мугабе жайлы әңгімелейміз, бүгін.
TURKYSTAN.KZ. "Көзілдірік: Кербездік пе, кесел ме?" - Жуырда жаһан дәрігерлері дабыл қақты. Әлемде көзәйнек киген адамдардың саны еселеніп барады. Әсіресе, көру қабілетінің нашарлауы балалар арасында жиілеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде әрбір бес минут сайын бір баланың көру мүмкіндігі жойылады екен. Аулаға шығып, асыр салып ойнауды ұмытқан, ұйқыдан оянған бойда телефонға телміріп, гаджетін құшақтаған күйі ұйқыға кететін баланың көзі сыр бермей қайтсін? Кішкентайы қыңқылдаса, қолына смартфон ұстатып, алданғанына мәз болатын ата-аналар оның зардабы қандай боларын бағамдай бермейтіні өкінішті.
"Жетік маман жат елге құмар" - Елімізде білікті кадрлардың тапшылығы жиі сөз болады. Бірақ Қазақстанда өз жұмысына жауапты, білігі мен білімі ұштасқан мамандар аз деу әбестік. Мұндағы басты мәселе – көптеген мамандардың шетелден нәпақа іздейтіндігінде. Соңғы деректер бойынша, елімізден өзге мемлекеттерге жұмыс іздеп кеткен мамандардың саны күрт артқан. Шетел асқан жоғары білімді мамандардың бүгінгі саны 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жетіпті. Бұған не себеп? Қазақстандық мамандар неге өзге елде қызмет етуге құмартып алды?