Атырау, 26 қараша 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Гурьев – Атырау-12

Сурет
3 065 просмотра

Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.


Жилгородоктың соңғы аялдамасындағы үй, дәлірек айтқанда, оның цоколь қабатындағы дүкен едәуір өзгеріске ұшыраған. Бұл «әттеген-ай» дейтін жағдай. Бір кездері гүрілдеп тұрған гастрономның жерге жететін үлкен терезелері, дәлірек айтқанда, даңғарадай сөрелер бүгінде қарапайым терезелерге айналған, ал олардың арасындағы кеңістік сыртқы қаптамамен қапталған. Қазір пластиктің дәурені жүріп тұрған кез. Уақыт машинасы қашан жасалады екен? Мен бірер минутқа осы дүкенге кіріп шығар едім: қызық, 60-70-ші жылдардың тамақ өнеркәсібі тұтынушыларына не ұсынды екен?

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қараша 2017, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.