Атырау, 19 желтоқсан 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақстанда полицияның азаматтарды ұстау ерекшелігі", "Мұғалім қатыгездігі – қоғамдағы мәдениет пен тәрбиенің айнасы", "Ерлан Қарин: Атамбаев президенттігі нашар нәтижемен аяқталды", "Зимбабвенің кешегісі, бүгіні және болашағы: қарт билеуші билікте қалуы

2 612 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мұғалім қатыгездігі – қоғамдағы мәдениет пен тәрбиенің айнасы" - Ресейде мектепте балаларға қол көтерген немесе психологиялық қысым көрсеткен мұғалімдер туралы күн сайын дерлік естуге болады. Сарапшылар мұғалімдердің өздерін қолдау жүйесін өзгерту әрі балалармен олардың өз тілінде сөйлесуді үйрену арқылы мектептегі қатігездікті азайтуға болады деп санайды.

"Қазақстанда полицияның азаматтарды ұстау ерекшелігі" - Сарапшылар Қазақстанда ұсталған азаматтардың құқығы жаппай бұзылатынын айтады. Адвокаттар күш құрылымдары ұсталған адамдарға құқығын түсіндіру туралы заң талабын орындамайды дейді. 

QAZAQTIMES.COM. "Зимбабвенің кешегісі, бүгіні және болашағы: қарт билеуші билікте қалуы мүмкін" - Қара құрлықтан әлемге тараған елең еткізер хабар – Зимбабве президентінің әскерилер жағынан қамауға алынуы болды. Әскери күштер ел президентін үй қамағында ұстап отыр. Зимбабвенің болашақ президенті туралы Роберт Мугабе мен әскери күштердің арасындағы келіссөз бірнеше сағатқа жалғасса да, одан жарытымды нәтиже көрінбеді. Олай болса Африканың бұл еліндегі дүрбелеңнің тууына не себеп болды? BBC-дің сарапшылары бұған арнайы талдау жасады. 

"Қазақстан кедей елдер тізіміне енді" - Швейцариялық Credit Suisse ірі конгломераты Global Wealth Report 2017 атты әлем елдерінің  байлығы туралы есепті жариялады.

INFORMBURO.KZ. "Ұрланған Айфондар базарда 15 мыңнан сатылып жатыр. Жоғалған телефонды іздеймін десеңіз..." - Астанада бір күнде жоғалған 30 телефонның біреуі ғана табылады екен. Қалғаны қайда кетеді? Полиция неге іздемейді? Олар құлықсыз ба, әлде өзіміз құнтсызбыз ба?

ABAI.KZ. ""Алаш жолы" қозғалысы жабылуы мүмкін" - Қазақ жерін шетелдіктерге жалға беруге қарсы тұрып, елдің қолдауына ие болған "Алаш жолы" қозғалысы жабылуы мүмкін. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Алаш жолы" қоғамдық бірлестігіне қатысты мемлекеттік тіркеудің күші жоқ деп танып, ұйымды жабу туралы шешім шығарған.

"«Ит» деп жазып, «шошқа» деп оқитындар өздері білсін..." - «Бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқуы тиістілігі миссионерлер болмаса, басқалар таласпайтын ақиқат» – дейді «Қазақ» газеті, осыдан бір ғасыр бұрын. Сонда жыл санап көбейіп келе жатқан қазақ мектептеріне бүгін өзге тілдерді тықпалап жүргендер миссионерлер екен ғой. Меніңше 1 сыныптағы өзін-өзі тану, жаратылыстану, дүниетану деген  үш түрлі пәнді бір пәнге біріктіріп, кейін үлкен сыныптарға қарай нақты ғылыми пәндерге бөлсе ұтымды болар еді.

QAMSHY.KZ. "Дәйекшесі немесе қос таңбасы көп әліпби қолайсыз" - Ғылым-технология мен сауда-саттық саласында ағылшын тілі халықаралық ортақ тіл ретінде қолданылып отырған қазіргі заманда қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің қажеттілігі жұртқа мәлім. Бұл Қазақстанның батыс елдерінің тілін, ғылым-технологиясын үйренуін жеңілдету үшін ғана емес, бүкіл дүниежүзі қазақтарының өзара хат-хабар алысуына да қажетті маңызды іс. Біз шетелде ғылыми зерттеумен айналысып жүрген қазақ ретінде, өзіміздің латын әліпбиі жөніндегі ойымызды Қазақстан халқының назарына ұсынып, келесі кезекті қазақ әліпбиін жобалаудың ғылыми талқыларында біздің де пікірімізді қоғам қайраткерлері мен халық елеп-ескерсе екен деген үміттеміз.

"Ерлан Қарин: Атамбаев президенттігі нашар нәтижемен аяқталды" - Бүгін Бішкекте Алмазбек Атамбаев президенттігінің нәтижесі жарияланған қорытынды баспасөз мәслихаты болды. Жалпы айтқанда, Атамбаев аса маңызды ештеңе айта қойған жоқ. Ол пікірін тек түрлі эмоцияға салып қана бір сөзді, бір ойды басқаша жеткізіп отырды. Бұл туралы Қазақстанның Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.

TURKYSTAN.KZ. "Білім саудасы қызып тұр" - Компьютер пернетақтасында «Ең сапалы білім» деген тіркесті терсеңіз болды, Google көзді ашып-жұмғанша әлемнің маңдай алды университеттерінің тізімін тауып береді. Оның ішінде, әлбетте, АҚШ пен Еуропаның жоғары оқу орындарының аты озып тұр. Расында, түрлі деректерге қарағанда, Қазақстаннан жылына 30-40 мыңдай адам бөтен елге білім алуға аттанады. Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов 2016 жылы 100 мың қазақстандықтың шетелде оқып жатқанын жария етті. Білікті маман болу үшін, пайдалы білім алу үшін шекара асу керек пе? Сұрақты одан бетер тереңдетсек, неге жұрттың талапты жастары білім қуып, біздің елге келмейді?

"Жалпақ жұрттың  қызметін қылса да…" - Абай хакімнің «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөзін қазақтың әр азаматы бала кезден жадына сіңіріп өскен. Бірақ бүгінгі күні осы сөздің қадірі қашқан сияқты. Иә, қазір қанша еңбек етсе де, бейнетінің зейнетін көре алмай жүргендер көп. Айлығы шайлығына жетпейтін кейбір мамандық иелері маңдай терімен тапқан еңбекақысын ас-ауқатына жеткізе алмайды. Жұмысы қиын болса да, соған сай ақы алмайтын мамандар кімдер? Біздің елде мамандарға қызметіне сай жалақы төлеудің жолға қойылмауына не себеп?

AIKYN.KZ. "Барында батып, жоғында сатып іш" - Тегін дәрі-дәрмек тізімі жыл сайын жаңарып тұрады. Сонымен бірге, елімізде бұған бөлінетін қаржының көлемі де ұлғайып келеді. Халықты дәрімен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы 178 миллиард теңгеге медикаменттер алу жоспарланып отыр. Осы жылы тегін дәрі-дәрмекке 90 миллиард теңге бөлінген еді. Қазіргі таңда жалпы құны 82,4 миллиард теңге болатын 484 түрлі дәріге тендер жарияланды. Барынша әділ әрі ашық өтуі үшін Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, есеп комитетіне және «Нұр Отан» партиясына қатысу туралы ұсыныс жіберілген. Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады? Осы сауалдар санаңызда жүрсе, жауап бізден болсын.


20 қараша 2017, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.