Атырау, 2 қаңтар 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Tesla бағасы 45 доллар болатын ең арзан өнімін сатылымға шығарды

2 453 рет қаралды


Электр көмегімен қозғалатын жүк көлігінің шығуына орай Tesla компаниясы алғаш рет арзан өнім ұсынды. Аталған компанияның мамандары смартфондарға арналған сыртқы аккумулятор мен док-станция жасап шығарған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарттық агенттігі.

Сыйымдылығы 3350 мАч болатын Tesla Powerbank бір смартфонды толықтай қуаттай алады. Аксессуардың ішінде Lightning және micro-USB сымдары жасырылған. Сол себепті, бұл батарея арқылы iPhone мен көптеген Android смартфондарын қуаттауға болады.

Екінші жаңалық – Tesla көліктеріне арналған Supercharger станциясының кішігірім көшірмесі. Базаны жәдігерлік немесе смартфондарды зарядтауға арналған құрал ретінде пайдалануға болады. Екі аксессуардың да құны – 45 доллар.

Дереккөз: Baq.kz

20 қараша 2017, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.