Қытайдың Санья қаласында өткен "Әлем аруы-2017" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғаламшардың ең көрікті қызы үндістандық Мануши Чхиллар болды. Жеңімпазға тәжді "Әлем аруы-2016" байқауының жеңімпазы пуэрторикалық Стефани Дель Валле тақты.
Екінші орынды Мексика тұрғыны Андреа Мезе, ал үшінші орын - ұлыбританиялық Стефани Хиллға бұйырды.
Ұлттық сән байқауының Instagram желісіндегі misskazakhstan_official ресми парақшасында "Қазақстан аруы-2016" байқауының жеңімпазы Гүлбану Әзімханова өз тобында Head to Head Challenge байқауында жеңіске жетіп, үздік 40-қа енген.
Дереккөз: Tengrinews.kz