Роберт Мугабе Зимбабвенің президенті қызметінен ресми түрде алынбақ, деп жазады Independent.
«Зимбабвенің ұлттық афирикалық одағы - патриоттық фронты» оңшыл партиясы елде арнайы комиссия отырысын өткізіп, онда қазіргі ел президенті Роберта Мугабені қызметінен алып тастау мәселесін қарамақ. Сондай-ақ партия өкілдері Зимбабвенің бірінші ханымы Грейс Мугабе жақтастарын хатшылықтан алып, оның орнына аз уақыт бұрын отставкаға кеткен вице-президент Эммерсон Мнангагвты алып келмек ниеттерін айтты.
Басылымның айтуына қарағанда, отырыс жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 10-да өтеді.
Еске сала кетейік, Зимбабвенің әскерилері елді 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан республика президентін қамауға алған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат