Атырау, 17 қазан 08:11
 дождьВ Атырау +14
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Анасын аман алып қалғанмен, сәби шетінеп кетті

5 425 рет қаралды


Сәбиі шетінеген қырық жастағы әйел Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде медиктер еккен дәрі-дәрмекпен ұйқыда жатыр.

- Әйел облыстық ауруханада. Шарананың антенаталдық өлімі орын алды, яғни, жүктілік кезіндегі сепсистің – ауыр инфекцияның салдарынан өлген, - дейді облыстық перинаталдық орталығының басшысы Қуаныш НЫСАНБАЕВ (суретте). – Анасында гипоксия (оттек азаюы) болды, ал егер анасы тыныс алмаса, тиісінше, сәби де тыныс ала алмайды. Әйел дәрімен ұйықтап жатыр, оның жағдайын әріптестеріміз тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

9 қарашада Атырау облыстық перинаталдық орталықтағы ана мен баланың көз жұму оқиғасына келер болсақ, бұл фактіні қазіргі кезде полиция тергеуде. ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы («Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсіргке Марат ТАКУЛИН

17 қараша 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.