Атырау, 29 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ пен Ресей тиым салынған орта қашықтағы зымырандарды қайта өндірмек

2 422 просмотра

Фото: RT.com

АҚШ үкіметі мәлімдеме таратып, «Cold War» келісімі бойынша тыйым салынған орта қашықтағы зымыранды өндіруді жоспарлап отырғанын және қатысты әзірлік жұмыстарының басталып кеткенін айтты. АҚШ жақ Ресейдің бұл қаруды өндіруге күш салмағанда, Құрама Штат та бұл зымыранды қайта өндіруге тырыспайтын болар еді дегенді алға тартуда. Бұл туралы “The Wall Street Journal” баслымы хабарлады. 

Пентагонның лауазымдыларының мәліметіне қарағанда, АҚШ-тың әскери істерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы мақсаты, егер Ресей үкіметі келісімшартты бұза берсе, Америка Құрама Штаттары әскери өндіріске бір рет тыйым салынған жердегі орта қашықтыққа атылатын зымырандардың өндірісін жүргізуге рұқсат беру. Дегенмен әзірлік жұмыстары туралы нақты мәліметті таратпады. 

АҚШ лауазымдыларының қарауынша, Ресей жақ «Қырғи-қабақ соғысы» кезінде қол қойылған «Орта қашықтағы ядролық күштер туралы шартты» жойғысы келмейді. Оның мақсаты - Ресейге өз келісімін ұзартуға мүмкіндік беру. АҚШ үкіметінің мәліметінде, Соңғы аптада Құрама Штаттар Ресейге бағытталған жаңа саясатын жария етті. Дегенмен, егер Ресей жағы келісімшартты жаңартса, АҚШ жоспардан бас тартуға дайын екенін жеткізді.

Дереккөз: qazaqtimes.com


17 қараша 2017, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.