Атырау, 11 желтоқсан 18:01
 ашықВ Атырау -5
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Атамбаев Путинмен кездеспек

2 293 рет қаралды

Фото: МК

Алмазбек Атамбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге Санкт-Петербург қаласына аттанды – деп хабарлайды Қырғызстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі. 

Бүгін Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында VІ халықаралық мәдениет форумы басталады. Осыған байланысты бұған дейін Владимир Путин Алмазбек Атамбаевты форумға қатысуға арнайы шақырған. Форум аясында екі ел басшылары Қырғызстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестік жайында сөз көзғайды деп күтілуде. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айының 16-ы күні Владимир Путин Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековты туған күнімен құттықтап, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп хат жолдаған болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


17 қараша 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.