Атырау, 29 наурыз 19:37
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан барлық құрама белгілі болды

1 931 просмотра


2018 жылы Ресей жерінде өтетін футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсететін барлық құрама белгілі болды. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде 32 команда өнер көрсетеді. Оның ішінде турнир қожайындары да бар, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еуропадан әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Англия, Бельгия, Германия, Дания, Исландия, Испания, Польша, Португалия, Сербия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Франция шықты. 

Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды. 

Азиядан әлем біріншілігінде Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары өнер көрсетеді. 

Африка құрылығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтүсүтік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады. 

2018 жылғы әлем біріншілігінің финалдық кезең жеребесі 1 желтоқсан күні Мәскеуде тартылады. Командалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінеді. Ал турнирдің финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді. 

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен.

Дереккөз: Vesti.kz

16 қараша 2017, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.