Атырау, 3 маусым 13:02
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Ауғанстанда мейрамханадағы жарылыс: 18 адам қаза тапты

2 959 рет қаралды


Ауғанстан астанасы Кабулдегі жарылыстан кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлады бейсенбіде Tolo News ауған телеарнасы. 

Жарылыс қаланың солтүстік-батысындағы мейрамханада болған. Ол жерде «Ауғанстан ислам қоғамы» ірі ауған партиясының жоғары шенді мүшелерінің кездесуі өтіп жатқан. 

Қаза тапқандар арасында - сегіз полицей мен 10 бейбіт тұрғын бар, деп хабарлайды телеарна құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Кем дегенде 10 адам жарақат алды. Бомба мейрамхананың маңында тұрақта тұрған көлікте болған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 қараша 2017, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.