10 қараша күні, Махамбет атындағы қазақ драма театырында жерлесіміз, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Сабира БИБАТЫРОВАНЫҢ «Төремұрат» атты жеке шығармашылық кеші өтті.
Күйші бұл шығармашылық күй кешін республикаға белгілі шебер өзінің нағашы атасы Бисенғали МЫРЗАҒАЛИЕВТІҢ 90 жылдығына арнаған.
М.Бисенғалиевқа күйшілік өнер мен шеберлік қасиет ата-бабаларынан дарыған деседі. Оның жасаған домбырасы 1993 жылы «Үкілі домбыра» республикалық сайысында бас жүлдені жеңіп алған. Бүгінде ата жолын жалғап дәстүрлі өнер жолында жүрген қызы Сабира да үкілі домбыраны жанына 4 жасынан бастап серік етіп келеді.
Ол сөзінде маған күйшілік нағашылардан дарыса, анамнан қобыз үнін естіп өкенін айтып берді. Одан кейін әрі қарай кәсіби түрде шыңдалуыма ұстазым Қаршыға АХМЕДИЯРОВТЫҢ берген тәлімі себеп болды дейді. Анасы Салиха МЫРЗАҒАЛИЕВА Атырау музыка колледжінде қыл қобыз сыныбының негізін қалаған ұстаз. Бүгінде анасының тәрбиелеген шәкірттері түрлі өнер ордаларында қызмет етуде, республикалық конкурстардың лауреаты.
Шығармашылық кеште Сабираның жеке авторлық күйлері де шырқалды. Бұдан бөлек кеш қонақтары Дина Нұрпейісова атындағы 1-ші республикалық қыз-келіншектер сайының бас жүлдегері күйші Шарипа ДЖАМЕНОВА, анасы Салиханың немере шәкірттері Айдана АРАЛ, Айгерім ҚҰСАЙЫНОВАЛАР өнер көрсетіп көрерменге тамаша демалыс сыйлады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет және видеоны түсірген автор