Атырау, 26 қараша 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраудың жол жоспары

4 006 просмотра


Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ «АЖ» тілшілеріне қала ішіндегі бірқатар көшелерді кеңейту және қайта жарақтау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындау жұмыстарының басталғандығын әңгімеледі.

Бірлік поселкесінің қиылысынан бастап 20 шақырымға дейінгі (Бесікті ауылы) Атырау-Индер көлік жолының учаскесін кеңейту жоспарланған.

- Қазір, өздеріңіз білесіздер, осы кеңейтілетін трассаның бойындағы зираттарға қоршау салынуда және бейіттер жолға жақын болмауы керек. Бұл учаскедегі жол төрт жолақты болады, жарығы, жол бойында инфрақұрылымдары, аялдамалары және жол белгілері болады.

Сонымен қатар, Сырым Датов көшесі екі есеге кеңейтіледі. Жол қызметкерлері «Арын» құрылыс базарынан «Дина» базарына дейінгі жолдың 4,7 шақырым бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

- Осы күнге дейін бұл көшеде жол жиектері мүлдем болған жоқ, автокөліктер көлік жолына балшық тасиды.

Нұрсая ықшамауданындағы орталық Р.Ғабдиев көшесі де кеңейтілетін болады (онда әкімшілік полиция ғимараты орналасқан). Бұл жерде жолға жақын салынған коммерциялық ғимараттардың біріне қатысты проблема туындады.

- Біз бұл жолды кеңейткіміз келеді, ал бұл жерде артық жер жоқ. Нысан күрелуге кетпейді. Инженерлік шешімін табатын боламыз.

Құрманғазы көшесін де кеңейту де жоспарланды.

- Жол қалпына келтіріліп, гранит жолжиектер орнатылады. Алғаш оларды Сәтпаевтың бойына орнатқалы бері 3 жыл өтті, олар өздерінің төзімді екенін дәлелдеді. Әлі күнге дейін «Тума» базары орналасқан учаскеде жаяужолдар мүлдем болған жоқ. Енді ол жерде жаяу жүргінші жолы да, велосипед жолы да болады.

Сонымен қатар, Бейбарыс даңғылының бойында да теміржол вокзалынан әуежайға дейін көлік жолын кеңейту, жаяужолдар мен велосипед жолдарын салу жұмыстары жүргізіледі.

- Бұл жерде артық жер бар. Бізге коммерциялық мекемелерден жолды кеңейтуге қатысты көптеген өтініштер келіп түседі. Бірақ бас тартуға тура келеді. Сонымен қатар, Датов пен Құрманғазы көшелеріндегі кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейтуге мүмкіндік бермейсіздер деп шағымданады. Ал бізге көшелерді көгалдандырып, жарық жүргізіп, отырғыштар орнату... керек. 

Мәденов көшесі 4 жолаққа дейін кеңейтіледі және веложол салынады (онда «Сарайшық» базары орналасқан). Бейбарыс пен Әбілқайыр хан даңғылдарымен бірге бұл көше қала картасында «велосипед үшбұрышы» ретінде белгіленеді.

- Теміржол вокзалының артында салынып жатқан Береке ықшамауданына көлік жол айрықтарын салу жобасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы бұл жерде көппәтерлі 15 үй пайдалануға беріледі. Келер жылы тағы 25 үй құрылысы басталады. Бұл жерде шамамен 12 мың адам тұратын болады. Біз, уақытша шара ретінде, Контейнерный көшесінің бойына біржақты қозғалыс енгіземіз. Бұл туралы хат әкімшілік полицияға жолданды. Осы көшеден шығу бағдаршаммен, ал Геолог поселкесі мен Мұнайшы ықшамауданы жақтан көліктердің кедергісіз шығуы үшін жол айрықтарымен реттеледі.

Сонымен қатар, СМП-163-тен бастап «Бипэк-Авто» автосалоны жаққа қарай, Әуезов, Азаттық даңғылы - «Молекула» сақинасынан Балықшы поселкесінің соңғы аялдамасына дейін, Жилгородок көпірінен жол айрығына дейін Ғұмаров, Уәлиханов, Амандосов – Еркіновтен әскери бөлімшеге дейін және Гагарин көшелерінде көлік жолы мен жаяужолдар қайта жарақталады.

ЖСҚ әзір, енді Баймұханов, Владимирский көшелерінің және Тайманов даңғылының жаяу жүргіншілер аймағын қайта жарақтау, кеңейту, абаттандыру жобаларына тендер өткізіледі.

Олар бойынша жұмыстар алдағы көктемде басталады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

15 қараша 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.