Атырау қаласының әкімдігі дамудың бас жоспарына сәйкес, қаланың ескі бөлігіндегі үйлерді күреуге дайындықты бастайды («Атырау 13 жылдан соң қандай болады?»). Ең алдымен күрелуге кетуі тиіс Молдағұлова-Жарбосынов-Байтұрсынов-Жангелдин және Пушкин-Жангелдин-Молдағұлова-Гагарин көшелерімен шектелген бес «шаршы» алаңның екеуіндегі 169 құрылымның мекенжайы белгілі болды.
Қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, болашақта бұл жерде әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары салынатын болады. 2018 жылы қалалық бюджетте күрелуге тиесілі баспаналарға тәуелсіз бағалау жұмыстары үшін қаржы салынады. Жоспар бойынша бағалау процедурасы 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталуы тиіс. Содан кейін иеліктен шығарылған мүліктің құны туралы мәселе бойынша келіссөздер басталады.
- Жерді мемлекет қорына аламыз. Егер тұрғындар бағасымен келіспесе, онда біз олардың үйлерінің алаңына барабар арасалмақта пәтерлер ұсынамыз. Отбасы мүшелері бойынша пәтерлер бермейміз. Бағалау кезінде бәрі де ескеріледі: қабырға материалдары, жөндеу құны, жасыл желектер. Егер пәтерге де келіспесе, сот арқылы шешеміз. Екі проблема бар: біраз үйлердің қожайындарын таба алмадық. Көршілері олардың бар екенін біледі, бірақ қайда екенінен бейхабар. Екінші проблема: қожайындары бар, бірақ қолдарында құжаттар жоқ немесе құжаттары ескірген.
20 қарашада сағат 18.30-да №2 мектептің акт залында қалалық әкімдік өкілдерінің аталмыш көше тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ