Хабаров өлкесінде Нелькан әуежайына қонуға бет алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.
Хабаровсктен ұшып шыққан ұшақта жеті адам болған – бес жолаушы мен екі ұшқыш. Алты адам қаза тауып, бір бала ғана аман қалғаны хабарланды.
Оқиға орнына администрация өкілдері мен полиция аттанды. Ұшақ жерге құлағаннан кейін өртенбеген.
Хабаровск қаласында Ресей Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Хабаровск авиациялық құтқару орталығының Ми-8 тікұшағы мен Ан-74 ұшақтары көмекке баруға дайын отыр. Сонымен бірге Николаевск-на-Амуре қаласында Ан-26 ұшағы әзірленген.
Дереккөз: Sputniknews.kz