Атырау, 29 қараша 01:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Зимбабведе тұрақсыздық: әскерилер телерадиокомпания ғимаратын басып алды

1 889 просмотра

Фото: Reuters

Зимбабве әскерилері елдің мемлекеттік ZBC телерадиокомпаниясы ғимаратын бақылауға алды. Бұл туралы бірнеше шетелдік басылым, оның ішінде ВВС News жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әскерилер телеарна арқылы халыққа мәлімдеме жасап, бұл әрекеттің мақсаты билікті басып алу емес, елдің саяси-әлеуметтік ахуалын қиындатып отырған «қылмыскерлер» екенін айтқан.

Әскерилер басып алған ғимаратқа кіріп-шыққан азаматтарды тексеруде. Жергілікті телерадиостанциясының мәліметіне сәйкес, олар тіпті ZBC компаниясының бірнеше қызметкерін ұрып соққан. Сондай-ақ, жергілікті ақпарат құралдары ZBC телеарнасынан көрсетілуге қажетті жаңалықтар эфирге шықпай, оның орнына музыка қойылған жазады.

Сонымен қатар Zimnews парталы елдің астанасы Хараре қаласында жарылыстар естілгенін хабарлайды. Бірақ жарылыстың қайда болғаны әзірше белгісіз.

Айта кетейік, Зимбабве билігі Хараре қаласындағы үкіметтік ғимараттарға күзетті күшейткен. Мемлекеттік мекемелерді әскерилер қырағы бақылауға алған. Сонымен қатар әскерилер мемлекеттік ZBC телерадиокомпаниясын басып алып, шаһардағы маңызды көлік желілерінде бақылау бекеттерін қоюда. Сондай-ақ президент сарайында да бақылау күшейтілген.

Осыған дейін шетелдік басылымдар Зимбабвенің әскери құрылымдарындағы қарулы техникаларының Харареға қарай кетіп бара жатқанын хабарлаған.

2017 жылдың қарашасында 93 жастағы Зимбабвенің президенті Роберт Мугабе өзінің орынбасары Эммерсон Мнангагваны қызметінен босатты. Ол – мемлекет басшысының ізбасары саналатын, әрі әскерилердің қолдауына ие болған беделді тұлға.

Дүйсенбі күні Армия генштабының басшысы Константин Чивенга президентке билік басындағы партия құрамын тазарту жұмыстарын доғаруға шақырған. Аталған партиядан Эммерсон Мнангагва шығарылып тасталған.

Дереккөз: Baq.kz

15 қараша 2017, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.