12 қарашада Атыраудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ардагер журналист Әлібек ҚАЙЫРОВТЫҢ 70 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кездесу кеші өтті.
Шараға әріптестері мен достары қатысып, облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ мерейгерді құттықтады. Ардагердің сан қырлы талантын атап өткен әріптестері оның журналистік жұмысынан бөлек, өлең жазатынын және әлі күнге дейін туған өлке тарихы туралы дәріс беретінін сөз етті. Мерейгерге Қазақстан Журналистер Одағының атынан Құрмет грамотасы табыс етілді. Кездесу кеші өнерпаздардың домбыра шанағынан төгілген күймен көмкеріліп, әсем әнмен әрленді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор