Атырау, 26 қараша 21:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жайықтың суы қандай?

7 334 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынды.


Біз су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына биылғы Жайық өзенінің химиялық ластануына қатысты жағдайға түсінік беруді сұрадық. Жауап ретінде Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінен, Атырау облысы және БҚО бойынша «Қазгидромет» РМК филиалдарынан үш хат келді.

БҚО бойынша экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ биылғы 9 айда өзен суында биогенді заттар тобындағы аммиак пен аммоний иондарының шекті-рұқсат етілген концентрация көлемінен 1,6 есе асып кеткені тіркелгенін хабарлады. Бұл сәуір, маусым және шілде айларында орын алған. Қазіргі уақыттағы Жайық өзеніндегі судың сапасын Е. Қуанов «таза» деп бағалады.

Алайда гидрометорталықтың БҚО филиалы Жайықтың суын «бірқалыпты ластанған» деген. Гидрометеорологтардың бақылауынша, биыл суда нитритті азоттың (1,2 есе) және жалпы темірдің (1,1 есе) шекті-рұқсат етілген концентрациядан асуы орын алған.

Қазгидрометтің Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Салауат ТӨЛЕНОВ Жайық өзеніндегі су бірқалыпты лас екенін және былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда оның сапасы төмендеп кеткенін растады. Органикалық емес затпен (бор) – ШРК 1,18 есе және органикалық затпен (фенол) – ШРК 1,1 есе ластануы тіркелген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қараша 2017, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.