Атырау, 11 қазан 10:39
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҚАРАҒАШ ҚАЙДА, КЕШЕГІ?

5 769 просмотра

Осыдан 70 жыл бұрын Жилгородокты жазиралы баққа айналдырғаны туралы

Теректер бүршік жара бастаса, көгалдандыру тақырыбына қатысты жыл сайын дүрбелең басталады. Ал күз болса әдеттегідей жолдары болмаған көгалдандырушыларға дүрсе қоя береміз. Ал олар болса, климат, тұз, жерасты суларын көңілсіз ғана алға тартады. Ойланып қиыстырудың қажеті қанша? Жилгородоктың әлі де жап-жасыл боп тұрғанын көріп жүрміз ғой. Бұл ағаштарды да кезінде біреулер отырғызды.

1995 жылы басылған  Софья ВИНОГРАДСКАЯНЫҢ «Белый город» деп аталатын кітабы таяуда қолыма тиген еді. Онда 40-шы жылдардың ортасында біздің жаққа келген мәскеуліктер мен ленинградтықтардың Жилгородокты қалай тұрғызғаны, құрылыспен қатар, қалай көгалдандырғаны туралы суреттелген.

 

ӨЛІ НҮКТЕГЕ ШАБУЫЛ

Көгалдандырумен тәжірибелі бағбан Елена СЕРОВА айналысқан. Ол да қазіргідегідей сортаң жерлер мен тұзды жерасты суларының өте жоғарыда орналасу проблемасымен бетпе - бет келіпті.

«Су беткі қабатқа көтеріліп тұрады, топырақ жаңа суды қабылдаудан бас тартып, оны ластанған күйде, бүкіл беткі қабатын бүлдіріп кері шығарып тастайды – мұның бәрін Гурьевке келген Қазақ Ғылым академиясының сарапшылары «екінші қайтара сортаңдану» деп атады. Сөйтіп, Гурьев өсімдіктер үшін жарамсыз, ол тек құла дала ғана емес, тұзды батпақты жер деген тұжырым жасалды», – деп жазады Софья Виноградская өз кітабында.

Бірақ Серованың сол кезде «шөлейт бағбаны» деген құрметті атағы бар болатын. Бұл жағдайда оның әдісін «өзеннен бастаймыз» деп атауға болар еді. Мәселе мынада - Жайық өзенінің жағасына ағаштар отырғызуға болатын. Алайда Жилгородоктың ортасында топырақтың сортаңдық дәрежесі өте жоғары болған. Осы нүктелер «өлі нүктелер» деп аталды. Тұзды аумақтан Серова ор қазды: жердің жоғарғы қабаты бір жаққа, төменгі қабаты екінші жаққа шығарып тасталды. Түбін жоғарғы қабатпен жауып, содан соң тыңайтқыштар, Жайық жағалауындағы тұщытылған құмды қосты, ал төменгі сортаңды қабаты басқа жерге шығарылды. 

Әр ағаш үшін жартыаралдан өзі өсіре алатын бірден - бір жерді тауып алды. Теректі жағалаудың жағасына отырғызды. Әр көшеде топырақтың тұздану дәрежесі өзгеріп отырды. Соған орай, Серова да ағаштардың тұқымдарын өзгертті. Негізінен шөлейтті  тұқымдарды: жиде, жыңғыл, жыңғылбас, жүзгін, қарағаш, тұт ағашы, қараған, түркістандық шегіршін, аморфа отырғызды. Осы ағаштар мен бұталардың барлығы шөлге және тұзға төзімді, олар жаңбыр жауғанша шыдайды. Жерасты сулары орналасқан жерлерге теректер отырғызылды. Бұл жерлерге ылғал құмар метасеквойя да лайық болар еді деп ойлаймын.

 

ЖИДЕ ДЕЙСІЗ БЕ?

Биіктігі 4-5 метрге жететін, бірақ өз тамырын тереңге жаятын және осылайша жер қыртысы астындағы бүлдіретін суларға жанаспайтын «көде боз жиде» бұтасын ең «өлі» нүктелерге отырғызды.

Әр ағаш үшін түрлі тереңдікте шұңқырлар қазды. Бұталар мен ағаштардың тығыздықта өскені сондай, жабайы тоғай секілді көрінді. Осылайша, Серованың пікірінше, өсімдіктер бір-біріне дем беріпті. Ал содан кейін мүлдем тығыз болған кезде, оларды жеке-жеке отырғызған.

Отырғызғаннан кейін бір аптадан соң 10-15 сантиметрдей қалдырып, көшеттерді қиып тастаған. Бұл  «түбірмен отырғызу» деп аталды. Мұндай ағаш тез өсіп, келесі жылы биіктігі бір жарым метрге жеткен. Бұл орман өсіру саласына кең танымал әдіс. Содан соң суара беру керек. Сол кезде ағаштарды Жайық суымен суарған.

 

СУАРУҒА АРНАЛҒАН ЖЕРҚОЙМА

Сол Серова Доссорда да бақ өсірген. Ол жердегі жағдай тым нашар еді, өйткені ол жердің топырағы да өлі болатын, Оның үстіне суаратын су да жоқ. Сол кезде ол тығыз қармен толтырылған жерқойманы жарақтай бастаған. Жазға қарай қар ерігенде осы суды тартып шығарып, ағаштарды суарған. Суарылғаннан кейін бойында ылғал сақтау үшін көшет отырғызылған әр шұңқырға құм төгілген.

Міне, бар болғаны осы. Нәтижесі де көзге көрініп тұр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Қазіргі Жилгородок

19 сәуір 2012, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.