Атырау, 26 қараша 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үздік қазақ қобызшысы

6 338 просмотра


Қазан айының соңында Алматы қаласында П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көшпенділер әуені» І республикалық орындаушылар байқауында атыраулық қобызшы Айғаным ИХСАНОВА бас жүлдені жеңіп алды.

19 жастағы Айғаным жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен бақтарын сынауға келген 33 орындаушының арасынан суырылып алға шықты.

- Қобыз номинациясының өзі қыл қобыз, прима қобыз және альт қобыз аспаптарында ойнау бойынша бағаланды. Мен прима қобызда ойнаймын, - дейді Айғаным.

І турда ол Е. Брусиловскийдің «Бозайғырын», П. Сарасатенің «Фауст» фантазиясын, Ж. Массненің «Размышление» шығармаларын көпшілік назарына ұсынса, ІІ айналымда Құрманғазының «Төремұрат», П. Чайковскийдің «Скрипкаға арналған концерт №3» шығармаларын ойнаған.

Кішкентайынан өнерге жақын өскен Айғаным қаладағы Құрманғазы атындағы балалар саз мектебін тәмамдап, кейін Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының қобыз бөліміне оқуға түседі. 2014 жылы мектепті тәмамдаған соң Д. Нұрпейісова атындағы ұлттық музыка академиясының студенті атанады. Қазір академияның соңғы курсында оқып жатқан Айғаным - 2015 жылғы Дельфий ойындарының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Құрманғазы атындағы орындаушылар байқауының ІІІ орын иегері.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 қараша 2017, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.