Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаила ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Мына алып ғимараттың қасбетінің айтарлықтай өзгергеніне қарамастан оны көпшілігіміз танып қойдық – ол біздің Махамбет Өтемісов атындағы жалғыз драмалық театрымыз.
Ғаламтордағы ақпараттарға қарағанда театр өзінің алғашқы маусымын 1938 жылы ашқан. Сол себепті ол республикадағы көне театрлардың бірі болып саналады. Соғыс жылдары труппаның барлық ер азаматтары толық құрамымен майданға аттанған деп жазады. Бірақ, сахна бос қалмады. Сол жылдарда барлық жерде ер азаматтардың орнын әйелдер басты, театр өзінің абырой-беделін сақтап қалды. Соғыстан кейін труппадағы гендерлік ара қатынас тең түсті және олар өнер майданында адал қызмет етті. Театр өзінің бүгінгі келбетіне 2000 жылдардың басында жүргізілген күрделі жөндеудің арқасында қол жеткізді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА