Атырау, 29 наурыз 18:35
 ашықВ Атырау +13
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Тосыннан атылған оқ

2 070 просмотра

14 сәуір күні таңда Авангард, 4 ықшам ауданындағы №18 үйдің маңында жас жігіт 50 жастағы әйелге «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атқан.

Дене жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткі-зілгенімен, онда жатудан бас тартқан.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ІІД мен ҰҚКД қызметкерлері күдіктіні ұстаған:

- Бұл дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 31 жастағы қала тұрғыны. Ұсталған азаматтан үш оқ - дәрімен бірге, «Оса» травматикалық тапаншасы тәркіленіп, ал автокөлігінен 2 қолдан жасалған жарылғыш зат табылған.

Біздің бейресми мәліметіміз бойынша, жапа шеккен әйел жергілікті халық арасында әулие саналған 60-жылдардағы белгілі емші Ахмет атаның қызы. Күдікті әйелге қаланың 4-ықшам ауданындағы жолдың жиегінде сақталған әкесінің металлмен қоршалған жалғыз бейітін тазалап жатқанда бас салған.

Айнұр САПАРОВА,

суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 сәуір 2012, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.