Атырау, 3 ақпан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Қауіпті қиылыс

2 999 рет қаралды


Нұрсая ықшамауданындағы №11 көше мен Р. Ғабдиев көшелерінің қиылысында орналасқан септиктің үстіне топырақ үйілген. Соның кесірінен қарсы бетте келе жатқан көліктерді көру мүмкін емес.    

Көлік жүргізушілердің айтуынша, Ғабдиев көшесінде көліктің бар-жоғын көру үшін қарсы жолақтағы жолға шығуға тура келеді екен. Бұл жол-көлік апатына әкеп соқтырары сөзсіз. Жаяу жүргіншілерді де байқамауың мүмкін. Айтпақшы, «АЖ» жарияланымдарының бірінде де бұл туралы жазылған болатын. Өкінішке орай, осындай жолдағы ұсақ-түйек кемшіліктерге кейде қайтадан оралуға тура келеді.

 


Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

31 қазан 2017, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.