Көрмеге Оңтүстік жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында табылған құман-құмыралар, ыдыстар, тиындар мен бұйымдар, этнографиялық материалдармен қатар Қожа Ахмет Ясауиден қалған мұралар қойылаған. Сонымен қатар Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың қолданған бұйымдары мен жазған хаттарын көруге болады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті көпшілікті қызықтырған.
Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, көрме ұйымдастырудағы басты мақсат - киелі Түркістанның тарихи орындарын атыраулықтарға көрсетіп, тарихи жәдігерлерді насихаттау. Көрме 20 қарашаға дейін жалғаспақ.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор