Атырау, 26 қараша 21:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Апостроф енгізетін болды ма? Оқыңыздар, салыстырыңыздар

2 295 просмотра

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", - деді Қазақстан Президенті. 

Ал енді "АЖ" редакциясы нұсқаларды оқып, салыстыруды ұсынады.

"Абай жолы" романынан үзінді

Шәкірт бала ауылға асыққан, лепірген күйіне қайта келіп, тағы да тебіне жөнелді. - Уә, қой деймін, бала! Ат зорықтырасың! - Жапа-жалғыз ұзап кетіп, жауға жем боласың! - деп, екі жолдасы тағы тежей бергісі келді. Бірақ қаладан, жабырқау медреседен жаңа құтылып, енді үйіне, ауылға жетуге асыққан шәкірт бала ол сөздерді тыңдайын деп ойысқан жоқ.

АПОСТРОФ

S’a’kirt bala ay’ylg’a asyqqan, lepirgen ku’i’ine qai’ta kelip, tag’y da tebine jo’neldi Y’a’, qoi’ dei’min, bala! At zoryqtyrasyn’! Japa jalg’yz uzap ketip, jaug’a jem bolasyn’! - dep eki joldasy tag’y tejei’ bergisi keldi. Biraq qaladan, jabyrqay’ medreseden jan’a qutylyp, endi u’i’ine ay’ylg’a jetu’ge asyqqan s’a’kirt bala ol so’zderdi tyn’dai’yn oi’ysqan joq.

МЕНІҢ НҰСҚАМ

şäkirt bala auylğa asyqqan, lepirgen küїine qaїta kelip, tağy da tebine jöneldi.  -uä, qoї deїmin, bala. Аt zoryqtyrasyñ! -japa jalğyz úzap ketip, jauğa jem bolasyñ! - dep eki joldasy tağy tejeї bergisi keldi.

Biraq qaladan, jabyrqau medreseden jaña qútylyp, endi üїine auylğa jetüge asyqqan şäkirt bala ol sözderdi tyñdaїyn dep oїysqan joq.

Айжан Хамит, Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды

26 қазан 2017, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.