Атырау қаласы әкімдігі ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып бұған дейін қалалық құрылыс бөлімін басқарған Өмірбек КАМАЛОВ тағайындалды.
ТКШ бөлімін бірнеше жыл басқарған Серікбай ҚАЗИЕВ Ақсай ауылдық округінің әкімі қызметіне ауысты.
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Саламат САБЫР тағайындалды. Ол Махамбет ауданының тумасы, 1999 жылдан бастап облыстық телеарнада, кейін «Қазақстан» және «Астана» телеарналарының меншікті тілшісі болып, ары қарай ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде жұмыс жасаған, 2013 жылдан бері Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды.
Меншікті тілші