Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Мына сурет орталық көпірден өткен адамның бәріне таныс. Бұл - сыртқы келбетін де, қызметін де сақтап қалған біздің БСМП. Тек жанында өскен ағаштар өзгерген – олардың биіктеп кеткені соншалық, қаладағы ескі аурухана көрінбейді, ағаштардың ұшар басынан мұнара ғана көзге көрінеді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Михаил Хван