Атырау, 10 желтоқсан 06:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Украина билігі Михаил Саакашвилиді елден депортациялауы мүмкін

1 961 рет қаралды

Фото: Novoye Vremya

Украина билігі Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилиді елден депортациялау жайында сөз қозғай бастады. 

Украина бас прокуроры Юрий Луценконың сөзінше, қазіргі таңда Михаил Саакашвилиді экстрадициялауға немесе депортациялауға ешқандай кедергі жоқ. Себебі Украина көші-қон қызметі Саакашвилиге саяси босқын статусын беруден бас тартқан. Ал Михаил Саакашвилидің өзі бұл жайында өзінің Facebook парақшасында: «Қазір менің Украинадағы статусым заңды. Мен Украинада тұрғылықты мекен жайы бар азаматпын. Мені елден депортациялауға немесе экстрадициялауға болмайды» - деп жазған. 

Бұдан бөлек Юрий Луценко Михаил Саакашвилиді үшінші бір мемлекеттердің қолдауымен Жоғары Рада ғимараты алдында мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деп айыптаған. 

Естеріңізге салайық, қазан айының 22-сі күні Жоғары Рада ғимараты алдында Михаил Саакашвили жақтастары мен полиция арасында қақтығыс орын алып, ұлттық гвардия сарбаздары ереуілшілерге қарсы көзді жасаурататын газ қолданған болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


25 қазан 2017, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.