Қытайдың Коммунистік партиясының орталық комитетінің 19-шы шақырылымында Си Цзиньпинді бас хатшы етіп тағайындады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, ол елдегі ең жоғарғы әскери орган болып табылатын Орталық әскери кеңестің хатшысы болып тағайындалды.
Қытайдың Коммунистік партиясының орталық комитетінің тұрақты мүшелерінің жетеуінің бесеуі ауысты. Жаңа құрамға мыналар енді: КПОК вице-премьер Ван Ян, Шанхай партиясының төрағасы Хань Чжан, Партия канцеляриясының басшысы Ли Чжаньшу, партияның ұйымдастыру жұмыстары бойынша қызмет атқарушы басшысы Чжао Лэцзи және Саяи зерттеулер орталығының төрағасы Ван Хунин. Саяси бюро комитетінің тұрақты мүшелері Си Цзиньпин мен Мемкеңестің премьері Ли Кэцян қалды. Олар 2017 жылы 25 қазанда 19-шы шақырылымда сайланды.
Дереккөз: Тengrinews.kz