Атырау, 6 қазан 12:32
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Белдік кетсе де бел кетпесін

3 927 просмотра

-  Ер адамдар урологқа қаралса болды, оны белсіздікке ұшыраған деп есептеуге дайын тұрады, біздің адамдардың менталитеті сондай, – дейді ҚР бас урологы, профессор Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВ. Өйткені ер адамдар іштей ауырып, уролог дәрігерге өте қажет жағдайда ғана келеді.

 

ОРТАЛЫҚҚА БАРҒАНДА

Фототілші екеуміз облыстық ауруханаға барған кезде оның сөзінің шындығына көз жеткіздік. Кеңес беру-диагностикалық орталықтың ауласында өз кезегін бірнеше ондаған адам күтіп жүрді, тағы осындай мөлшердегі адам орталықтың дәлізінде топтасқан. Бірақ ер балалардың ата-аналары алдын алу мақсатында қабылдауға келіп отырғандарын жайбарақат әңгіме етіп, сөзшең атайлар сырқаттарын жіпке тізіп, егжей-тегжейлі айта бастаса, орта жастағы ер адамдар мен жас жігіттер фотокамераның объективінен жүздерін жасырып, қойылған сұрақтарды елемей, жылыстап өтіп кетті.

 

ДӘРІГЕР, “ӘДЕМІ” ЖАСАҢЫЗ!

Дегенмен, ер балалардың бәрі бірдей алдын алу мақсатында келмеген боп шықты.

- Мұндайлар бар болғаны 10% ғана. Қалғандары операция жасалғандар немесе түрлі аурулар бойынша емдеуден өтушілер. Операциядан кейінгі асқынулармен түскен балалар өте көп болды, оларға крипторхизмге (ұрық безінің түспеуі) қатысты операция жасалған еді. Оларға Атырауда операция жасалды ма, әлде басқа қалаларға барды ма, нақтылап сұрамадым. Екі күнге жетпейтін уақытта маған қайталама операцияны қажет ететін 5 баланы әкелді. Басқа енбаудың қабынуы, бүйректегі тас сырқаттары бар балалар болды, шыжың ауруы бар балалар да көп болды, - дейді балалар урологы Қайрат ҚАБДОЛДИН (суретте).– Балалардың жастары 10-12-де, ал олар осыған қатысты дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Осы уақытқа дейін ата-аналары оларды тәуіп кемпірлерге апарып, өсе келе бұл проблема өзіне өзі жоғалып кетеді деп үміттеніп жүрген.  

- Атыраудағы медициналық көмек көрсету деңгейі мен дәрігерлердің біліктілігі басқа аймақтарға қарағанда төмен. Бәлкім, бұл аймақта балалар урологының жоқтығымен байланысты шығар. Қазір балалар урологиясына мамандандырылған сіздің дәрігерлердің бірі біздің Б. Жарбосынов атындағы Ғылыми урология орталығында оқып жатыр,–  деп атап өтті Қайрат Қабдолдин.

Тағы бір өзгешелік: біздің дәрігерлер, Қабдолдиннің пікірінше, «әдемі» сүндеттемейді екен. Баланың денсаулығына мұның еш әсері болмайды, тек эстетикалық тұрғыдан қарағанда тартымсыз...

 

ГЕНДІК ҚОРДЫ САҚТАҢЫЗДАР

Балалар урологының кабинетінде дүрлігіс байқалмады. Есесіне ересектерді қарап жатқан маманға ұзын кезек тұрды. Біреулер дәрігерлердің келетіндігі туралы біздің газетімізден және біздің сайтымыздан оқыса, біреулерді жеке емхананың урологы немесе мекен-жайлары бойынша жолдаған екен. Тек қарттар үйінің өзінен 7 адам келді.

Осындай көшпелі «Ерлердің денсаулық күндері» акциялары 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді екен. Еліміздің кейбір аймақтарында институт мамандары әлденеше рет болған, ал Атырауға алғаш рет аяқ басып отыр.

– Осы уақыт ішінде біз 2 888 адамды тексеруден өткіздік, оның 855-інен түрлі уроандрологиялық ауытқулар анықталды. Еркектік бездің зарарсыз гиперплазиясымен520адам, созылмалы простатитпен – 976 адам, басқа ауытқушылықтармен 797 адам ауырады және тек 595 адамның ғана дені сау, - дейді профессор Алшынбаев. – Халық денсаулығының гендерлік саясаты өте сыңаржақты, әйелдер үшін түрлі бағдарламалар, скринингтік тексерулер жасақталған, ал ер адамдар сырт қалған. Алайда, ерлер денсаулығының елдегі демографиялық ахуалға үлкен ықпалын тигізетіні түсінікті. Бір сөзбен айтқанда, өздеріңіздің гендік қорларыңызды сақтаңыздар, құрметті ер-азаматтар және урологтарға жиі (жылына екі рет) қаралыңыздар.       

Мырзакәрім Алшынбаев Қазақстанның – ерлер денсаулығының аймақтық орталықтары (батыс аймағы бойынша Ақтөбеде орналасқан) ашылған бірден-бір ел екенін, алайда тегін емделу және дәрі-дәрмектер беру бағдарламасын бекітудің әзірге сәті түспей отырғанын айтты. Дегенмен Еуропа елдерінде ерлердің қамқорлығын мемлекет өз мойнына алыпты.

Мұнай өндіруші аймақ экологиясының ерлер денсаулығына әсері туралы толық талдауды мамандар өз сапарларын аяқтағаннан кейін жасамақ. Ерлер сырқаты барлық аймақтарда бірдей екенін алдын ала айтуға болады. Бұлар простатит, ерлердің жыныстық аурулары, эректильді дисфункция, гепогонадизм, еркектік бездің аденомасы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА, суретті түсірген

Қанат ЕЛЕУОВ

18 сәуір 2012, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.