Атырау, 28 қараша 23:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Швейцарияда Гүлнара Кәрімованың миллиондарына байланысты құпия бас қосулар басталды

2 499 просмотра


Швейцарияда Гүлнара Кәрімованың (суретте) банк шоттарында бұғатталған қаржысына байланысты құпия ақылдасулар басталды – деп хабарлайды Le Temps газеті. 

Басылым мәліметінше, Гүлнара Кәрімованың Швейцария банктерінде бұғатталған миллиондаған долларларының алдағы уақытта кімге берілуі керектігін Швейцария прокуратурасы, әділет министрлігі және халықаралық істер федералды департаменті қызметкерлері құпия бас қосулар арқылы шешуде. Бұл мәселе бойынша барлық сұрақтардың жауабы жақын күндері белгілі болуы мүмкін. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда Швейцария прокуратурасы мен әділет министрлігінде Гүлнара Кәрімованың 800 миллион франк (784 миллион доллар) қаржысының болашақ иесі анықталуда. Айыптаушы тараптың ойынша, бұл қаржының барлығын Кәрімова ханым осы уақытқа дейін Өзбекстанда жұмыс істеп келген телекаммуникациялық компаниялардан пара ретінде алған. Қазіргі уақытта аталмыш қаржыны қайтарып алуға Өзбекстан, АҚШ және Голандия елдері үмітті. 

АҚШ Гүнара Кәрімова қаржысының 550 миллион доллары өзіне тиесілі деп есептейді. Бірақ Швейцария билігі Кәрімова қаржысын Өзбекстанға қоғамдық ұйымдар арқылы қайтарып беруге дайын екендігін айтқан. 

Естеріңізге салайық, Гүланара Кәрімова ісі осыдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Тексеру жұмыстары барысында Telia, VimpelCom және МТС телекоммуникация саласының компаниялары Өзбекстан аумағында жұмыс істеу үшін Гүлнара Кәрімоваға пара бергендігі анықталған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


24 қазан 2017, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.