Атырау, 28 қараша 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ мұсылмандарға «геноцид жасағаны» үшін Мьянмаға санкциялар салмақ

2 099 просмотра


АҚШ билігі Ракхайн штатында «адам құқықтарының бұзылуына» байланысты Мьянмаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі RT-ға сілтеме жасап.

«Біз жауапкершілікке тарту механизмдерін зерттеп жатырмыз. Ол АҚШ заңнамасы, оның ішінде мақсатты енгізілетін ғаламдық санкцияны Магниттік заң жоба негізінде қарастырамыз», - делінген АҚШ-тың мемлекеттік департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен қатар аталмыш департамент Мьянма үкіметі мен оның қарулы күштері шұғыл түрде елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін тиісті шараларды жүргізуі қажет.

Сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Мьянма әскерлеріне көмекті шектегенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін осы жылдың тамыз айының соңында «Аракан рохинджаларын құтқару армиясының» (ARSA) бірнеше полиция учаскесі мен әскери базаға шабуыл жасағанын, бұл жағдайды одан әрі ушықтырып жібергенін жазған болатынбыз. Осы әрекеттің салдарынан Мьянма әскерлері мен буддист еріктілері рохинджа халқын аяусыз қырып, Ракхайн штатындағы ауылдарды өртеп жіберген.

Дереккөз: Baq.kz

24 қазан 2017, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.