Атырау, 28 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шешенстанда Ресей гвардиясының офицері төрт қызметтесін атып өлтірді

1 994 просмотра

Фото: bbc.com

Оқиға кеше түскі төрттер шамасында Шелковская станицасында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Шешенстанда Ресей гвардиясының аға лейтенанты әскери бөлімде төрт қызметтесін атып өлтірді. Кейін кезекші бөлім қылмыскердің көзін жойды. Бұл туралы Ресей гвардиясының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі департаментінің хабарламасында айтылған.

«Коммерсант» газетінің ақпараты бойынша, оқ атқан жігіт – Дағыстан тумасы. Түрлі заң бұзушылық үшін жақында қызметінен босатылатынын естіген ол тиісті қолдаухат берген офицермен мәселенің басын ашып алмақшы болған.

Басылым дереккөзінің айтуынша, ол ішімдік ішіп, қару бөлмесінен тапанша-пулемет алған. Офицерге бара жатқанда, қаруланған лейтенанттың алдынан взвод командирі шыққан, ол қызметтесін райынан қайтармақ болыпты. Алайда лейтенант оны атып тастаған. Кейін қылмыскер тапаншаның даусын естіп, жүгіріп келген тағы үш сарбазды да өлтірді. Төтенше жағдай орнына дереу арнайы мақсаттағы топ жіберілді. Қарулы қызметтестерін көрген лейтенат қашып кетпек болған, алайда оқиға орнында көзі жойылды.

Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, әскери бөлімге орталық аппараттың бір топ офицері жіберілді. Тергеушілерден бөлек, әскери психологтар да жұмылдырылды.

Дереккөз: Baq.kz

24 қазан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.