Атырау, 28 қараша 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Сирия демократиялық күштері" Әл-Омар кенішін басып алды

1 794 просмотра


Сирия демократиялық күштері АҚШ-тың көмегімен Дейр әл-Зор провинциясындағы Әл-Омар кенішін басып алды. Бұл кенішті осыған дейін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы бақылаған. Associated Press агенттігі мұны Сирия аумағындағы ең ірі мұнай кеніші деп атайды.

Әл-Омарды басып алғаны жөнінде АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция хабарлады. ИМ бұл кенішті және Сирия мен Ирактағы ең ірі мұнай кеніштерін 2014 жылы бақылауға алған.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы үкімет күштері кейінге шегінгенін, Әл-Омардан үш шақырым қашықтықта екенін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық

23 қазан 2017, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.