Атырау, 26 қараша 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Баласының медалі анасына табысталды

3 042 просмотра

Ержан СЕРІКОВТЫҢ анасы


19-қазан «Құтқарушылар күніне» орай Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР ішкі істер министрлігінің  бұйрығымен Абат АКЕТОВ пен Рустам ТАҒАНИЯЗОВ «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен, ал Ержан СЕРІКОВ «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» құрмет төсбелгісімен марапатталды, медаль оның анасына табысталды.

 Естеріңізде болса, қала маңындағы Бесікті ауылында Ержан Жайық өзеніне батып бара жатқан апалы-сіңлілі екі қызды құтқарып, өз өмірін өлімге қиған  болатын. Ал Абат пен Рустам Атырау қаласындағы Московский өткелінде болған өртте 4 баланы құтқарды. Сондай-ақ, оларға Аққыстау ауылының тұрғыны Азамат АҒИСОВ  есікті өрт шарпыған кезде бірінші қабаттағы терезені сындырып, Абат Акетовтың жалынға оранған үйден ең соңғы кішкентай сәбиді алып шығуына көмектескен болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азаматқа өзінің ұжымы Исатай әкімдігімен бірлесе отырып, марапат көрсетті.

Абат АКЕТОВ пен Рустам ТАҒАНИЯЗОВ


Сондай-ақ, ТЖД мерекелік шарада бір топ қызметкерлерге  «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік кеуде белгісі және сала ардагерлері Жолдыбай ИСМУРЗИЕВКЕ «Еңбек ардагері» және Өтеген КЕНЖИЕВКЕ «Құрметті ардагер» медалін тапсырылды.

Ал Ержан Серіковтің есімін Бесікті орта мектебіне беру жөніндегі редакция ұсынысына түрлі мемлекеттік органдардан келген жауап хаттарға қарағанда, әзірге ондай мүмкіндік жоқ көрінеді.  

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

 Суретті түсірген автор

21 қазан 2017, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.