Атырау, 26 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Ақ Жайықтың" қағаз нұсқасы шығарылмайды

4 620 просмотра


Құрметті оқырмандар! 2018 жылға газетке жазылу жүргізілмейді және қаңтар айынан бастап газетіміз жеке сатылымға да шықпайтынын хабарлаймыз. «Ақ Жайықты» электронды нұсқада біздің azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі мақалаларымыздың сілтемелері арқылы оқи аласыздар.

Қазір біздің сайтымызға күн сайын 30 мыңға жуық ерекше қолданушыларымыз кіреді. Біз алға қарай осы оқырмандарымызға қағаз үлгідегі газетіміздің 4 мың оқушысы заманауи байланыс құралдары арқылы қосылады деп үміттенеміз. Өйткені мемлекеттік органдардан да кез келген ақпарат пен қызметтерді ұялы телефонның көмегімен оңай алуға болады ғой.

Иә, еліміздегі 240 беттік ең қалың газет 25 мың дана тиражбен шыққан кездер де болды. Алайда «АЖ» қазір де Атыраудың республика бойынша тұрғындары ең аз облыс болғанына қарамастан барлық өңірлік және кейбір орталық БАҚ арасында оқырмандар саны бойынша шоқ озып тұр. Ал қағаз нұсқа ауыртпалығынан босаған күшімізді болашағы бар озық бағыттарға жұмсайтын боламыз.

Обьективті және танымал «Ақ Жайық» - қашан да бір қадам алда! 

Жеке ақпарат

20 қазан 2017, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.